Зарина Дияс Australian Open турнирін жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс Australian Open турнирін жеңіспен бастады Зарина Дияс. ©REUTERS

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші маусымында - теннистен Австралия ашық чемпионатының (Australian Open) екінші айналымына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс "Үлкен дулыға" турнирінің бірінші маусымында - теннистен Австралия ашық чемпионатының (Australian Open) екінші айналымына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші матчта Зарина Дияс Польша спортшысы Урсула Радваньскті (WTA рейтингінде 148-орында) жеңді. Қазақстандық теннисші бірінші партияда 3:6 есебімен жеңіліп қалды, ал екінші сетте Зарина Дияс 6:4 есебімен айла асырды. Шешуші партияда қазақстандық спортшы брейктен бастады, бірақ Радваньска да жауап қайыра білді. Бұдан кейін Қазақстанның бірінші ракеткасы үздіксіз ұпай жинап, қарсыласын тізе бүктірді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.  

Еске сала кетейік, 21 жастағы Зарина Дияс WTA рейтингінде 31-орында тұр. Осыған дейін жанкүйерлері оны Әйелдер арасындағы теннис ассоциациясы турнирінде 2014 жыл жаңалығы деп атады. Дияс 39 пайыз дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орынды 18 пайыз дауысымен швейцариялық спортшы Белинда Бенчич алды, үшінші орын ресейлік Дарья Касаткинаға бұйырды (13 пайыз дауыс). Зарина Дияс сұхбаттарының бірінде Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысуды армандайтынын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети