Зарина Дияс мансап жолында алғаш рет миллион долларға қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс мансап жолында алғаш рет миллион долларға қол жеткізді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диястың мансап жолында алған жүлдесі миллион долларға жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол алғашқы миллионды "Ролан Гаррос" турнирі арқылы тапты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диястың мансап жолында алған жүлдесі миллион долларға жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол алғашқы миллионды "Ролан Гаррос" турнирі арқылы тапты.

Қазақстандық теннисші турнирдің алғашқы айналымынан өтіп, екінші айналымда бельгиялық Элисон ван Эйтванкке қарсы өнер көрсетті. Екінші айналымның жүлде қоры 60 мың доллар болды. Осымен, Заринаның жүлде қоры 1 миллион 46 мың долларға жетті. Басқа теннисшілердің жүлделері туралы мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирін екінші айналымнан тоқтатты. Қытайлық И Фань Сюй екеуі австралиялық Анастасия және Арина Родионовалардан жеңіліп қалды. Матч 7:6, 3:6, 6:7 есебімен австралиялықтардың пайдасына шешілді. Жекелей өнер көрсетуден Зарина бельгиялық Алисон Ван Эйтванктан жеңіліп қалған болатын. Айта кетейік, ол турнирді жеңіспен бастады. Алғашқы айналымда қазақстандық Германиядан келген Дина Пфиценмайерді жеңді. Матч 6:4, 6:1 есебімен аяқталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети