Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды Зарина Дияс Вашингтондағы турнирде. © washingtonpost.com

20 жастағы қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс WTA рейтингінде Ярослава Шведованы озып, Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 жастағы қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс WTA рейтингінде Ярослава Шведованы озып, Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі атанғанымен оның WTA тізіміндегі орны өзгермеді. Ол Вашингтонда өткен турнирдің екінші айналымына өткеннен кейін рейтингтегі 53-орнын сақтап тұр. Диястың еншісінде 1019 ұпай бар. Ярослава Шведова болса, рейтингте екі саты төмендеп, 54-орынға тұрақтады.

Ал қазақстандық өзге теннисшілерге келетін болсақ, Галина Воскобоева 119-орынға, Юлия Путинцева 164-орынға, Сесиль Каратанчева 173 орынға табан тірепті. WTA тізімінің көшбасшылар қатарында өзгеріс жоқ. Бірінші орында америкалық теннисші қыз Серена Уильямс тұрса, екінші орында - қытайлық Ли На. Үздік үштікті румыниялық Симона Халеп түйіндеп тұр. 

Айта кетейік, үстіміздегі жылы Зарина Дияс екі бірдей "Үлкен дулыға" санатындағы турнирлерге қатысты. Оның біріншісі Australian Open додасында ол үшінші айналымға дейін жетсе, "Уимблдон" додасының 1/8 финалына шықты.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети