Зарина Дияс Қытайдағы турнирдің бірінші матчында жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс Қытайдағы турнирдің бірінші матчында жеңіске жетті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан WTA сериясының турниріндегі бірінші ойында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан WTA сериясының турниріндегі бірінші ойында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алғашқы кездесуін Дияс қытайлық тенисші Кай-Линь Чжанмен өткізіп, 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Кездесу бір жарым сағатқа созылды. Айта кетейік, бұл қос спортшының мансабындағы бірі-бірімен алғашқы кездесуі. Қазіргі таңда 22 жастағы Дияс әлемнің 52-ракеткасы, ал 25 жастағы Чжан WTA рейтингінде 140-орында. 

Турнирді 7 номермен бастаған қазақстандық тенисшінің келесі қарсыласы, румыниялық Андрей Мутин мен Чех тенисшісі Катержин Синякова арсындағы ойынның жеңімпазы болады.

Шэньчжэндегі турнир хардтық кортта өтіп жатыр. 2013 жылы турнир WTA дәрежесін алды, ал оның сыйақы мөлшері 500 000 долларды құрайды. Оған 32 тенисші қатысады. Оның қазіргі жеңімпазы - румыниялық Симона Халеп.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети