© zimbio.com
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі WTA турнирінде ойынын аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі WTA турнирінде ойынын аяқтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Матчтың екінші айналымында қазақстандық спортшы Беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен ойнады. Кездесу екі сетте өтіп, Диястың жеңілісімен аяқталды, есеп - 3:6, 2:6.
Басылымның мәліметінше, WTA рейтингінде Дияс - 87. Ал Азаренко әлемнің 15-ракеткасы. Айта кетейік, бірінші айналымда Дияс АҚШ спортшысы Джейми Лебтен басым түсті. Жарыстың жүлде қоры 6,8 миллион доллардан асады.