13 қазан 2014 | 11:56

Зарина Дияс әлемнің 35 үздік теннисші қызының қатарында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс ©Wtatour.ru Зарина Дияс ©Wtatour.ru

Қазақстандық Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығында (WTA) өзінің үздік көрсеткішін тағы да жоғарылатты. Спорттық мансабында ол тұңғыш рет әлемнің үздік теннисшілерінің ТОП-35 құрамына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығында (WTA) өзінің үздік көрсеткішін тағы да жоғарылатты. Спорттық мансабында ол тұңғыш рет әлемнің үздік теннисшілерінің ТОП-35 құрамына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін қазақстандық спортшы WTA рейтингінде 37-орында болған. Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан Әйелдер теннис ассоциясының финалына шыққан Зарина Дияс 34-орын алды. Еске сала кетсек, турнирдің басты кездесуінде Зарина австралиялық теннисші Саманта Стосурмен ойнап, 6:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Зарина Дияста 1440 ұпай болды.

Қазақстандық басқа теннисші Ярослава Шведова жаңарған рейтингте бір орынға түсіп қалды, 68-орын тұр. Юлия Путинцева 12 сатыға көтеріліп, әлемнің 110-шы ракеткасы болды. WTA рейтингінде америкалық теннисші Серена Уильямс көш бастап келеді. Екінші орында ресейлік Мария Шарапова, ал үшінші орында румын Симон Халеп.  

Зарина Дияс 37-орынға 2014 жылдың 6 қазанында шықты. Бұған ол Қытайдың Ухань қаласында WTA топтамасы жарысының екінші айналымына шыққандығының арқасында қол жеткізді. Бірінші айналымда қазақстандық спортшы чех теннисшісі Клара Коукалованы ұтып, екінші айналымда неміс қызы Анжелина Керберге есе жіберді. Қазақстанның бірінші ракеткасы туралы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети