Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Зарина Дияс Жапониядағы WTA турнирінің жартылай финалына өтті

10 Қазан 2014, 12:59
0
Зарина Дияс. ©Watour.ru
Зарина Дияс. ©Watour.ru

Қазақстандық Зарина Дияс хорватиялық Аню Конюхты 3 сетте ұтып, Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Енді ол Таиланд теннисшісі Луксики Кхумкхуммен жеңіске таласады. Бұған дейін ол АҚШ спортшысы Мэдисон Кисті жеңген болатын. Зарина Дияс пен Конюхтың арасындағы ойын туралы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар. Сонымен қатар, бүгін Қазақстан атынан шығатын тағы бір теннисші Юлий Путинцева ширек финалда өнер көрсетеді. Ол австралиялық Саманта Стосурмен кездеспек.

Еске сала кетейік, Зарина Дияс испаниялық Лара Аррубаррена-Весиноны ұтқан. Бұл жеңіс оған жарыстың жартылай финалына шығуға мүмкіндік берді. Жеңіске оған екі сет жеткілікті болды. Біріншісі сетте есеп 6:0 болса, екінші сет 6:1 есебімен аяқталды. Айта кетейік, қазақстандық теннисші жанкүйерлерінің қолдауымен Сингапурдағы WTA Rising Stars жас жұлдыздар турниріне іріктелген болатын. Бұл турнирге Пуэрто-Рикодан Моника Пуиг, америкалық Шелби Роджерс және қытайлық Чжен Сайсай қатысады. Зарина Дияс WTA рейтингінде 37-орында тұр. Бұл көрсеткішке ол 2014 жылы 29 қыркүйекте Қытайда өткен жарыста екінші кезеңге өткен соң жеткен еді. Қазақстандық теннисші әртүрлі жарыстарға қатысып, бір жылда 500 мың доллар пайда тапқан.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай