Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалдық жарыста қазақстандық теннисші Тайландтан келген спортшы Луксика Кумхумды жеңді. Ойынның есебімен мына жерде таныса аласыздар. Айта кетейік, мұның алдында спортшымыз АҚШ-тан келген Мэдисон Кисті жеңген болатын.
Енді Зарина Дияс финалда Стосур мен Свитолина жұбындағы жеңімпазбен кездеседі. Порталдың мәліметінше, финалға шығар алдында Зарина WTA рейтингі бойынша 180 ұпай жинаған, сондай-ақ 21 400 доллар жүлде алған. Еске сала кетейік, 10 қазан күні Зарина Дияс хорватиялық Аню Конюхты 3 сетте ұтып, Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына шыққан.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші жанкүйерлердің қолдауымен Сингапурдағы WTA Rising Stars жас жұлдыздар турниріне іріктелген болатын. Бұл турнирге Пуэрто-Рикодан Моника Пуиг, америкалық Шелби Роджерс және қытайлық Чжен Сайсай қатысады. Зарина Дияс WTA рейтингінде 37-орында тұр. Бұл көрсеткішке ол Қытайда өткен жарыста екінші кезеңге өткен соң жеткен еді. Қазақстандық теннисші әртүрлі жарыстарға қатысып, бір жылда 500 мың доллар пайда тапқанын да айта кеткен жөн.