Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Зарина Дияс жұптық сайыста US Open-нің жартылай финалына шыға алмады

03 Қыркүйек 2014, 09:48
0
Зарина Дияс. Фото REUTERS©
Зарина Дияс. Фото REUTERS©

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жұптасып өнер көрсетуде АҚШ-тың ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ширек финалда 20 жастағы Зарина Дияс қытайлық И Фань Сюймен жұптасып, турнирдің үшінші нөмірлі жұбы болып тіркелген үндістандық Сания Мирзамен және зимбабвелік Кара Блэкпен кездесті. Кездесудің бірінші сетінде Дияс - Фань жұбы қарсыластарынан 1:6 есебімен ұтылып, екінші сетте есеп қарсыластардың пайдасына 1:0 болып тұрған кезде Зарина Диястың әріптесі И Фань Сюй бәсекені жалғастырудан бас тартты. Ойын небәрі 48 минутқа жалғасты. 

Осылайша Зарина Дияс US Open турнирін аяқтады. Бұған дейін ол жекелей сында үшінші айналымға дейін жетіп, ресейлік теннисші Екатерина Макароваға жеңіліп қалған болатын. 

Айта кетейік, бұл көрсеткіш Зарина Диясқа WTA тізімінде үздік 40 теннисшінің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Ол отандасымыздың спорттық ғұмырындағы ең үздік көрсеткіші болмақ. Әзірше Дияс әлемдік рейтингте 48-орында тұр.  

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай