Зарина Дияс Ярослава Шведовадан ұтылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Шведова қос жұп разрядында турнирдің үшінші кезеңіне өтті. Анабель Медина Гарригеспен бірге ойын алаңына шыққан ол австриялық Патриция Майр-Ахлайтнермен бірге жұптасқан жерлесі Диясты ұтып кетті.

Ертең, 28 маусымда "Уимблдонның" үшінші айналымындағы матч басталады. Зарина Дияс ресейлік Вера Звонареваға қарсы шығады, ал Ярослава Шведова америкалық Мэдисон Кизбен бақ сынайды. Қазақстан теннисі федерациясының президенті Болат Өтемұратов Зарина Диясты, Ярослава Шведованы және Михаил Кукушкинді Лондонда өтетін "Уимблдон" турнирінің үшінші кезеңіне шығуымен құттықтады.
Федерация президенті Зарина Дияс өзінің спорттық мансабында "Үлкен шлем" турнирінің үшінші айналымына екінші рет шығып тұрғанын баса атап өтті. "Бұл - жас теннисші үшін жақсы көрсеткіш. Оның турнирдің ақтық сынына шығуына барлық мүмкіндігі бар" - деді ол. "Үлкен шлем" турнирінің қос жұп разряды бойынша екі дүркін жеңімпазы Ярослава Шведованың да алдыңғы матчтардағы жеңістерін қайталауға барлық мүмкіндігі бар.
"Михаил Кукушкиннің жеребе тарту кезінде жолы болды, бірақ Михаил әлемнің бірінші ракеткасы, испандық Рафаэль Надальдың бетін қайтаруға сөз берген. Келесі айналымда біздің теннисшілерге сәттілік тілеймін" - деді Өтемұратов.