09 наурыз 2014 | 17:00

Аңшылық қаруларды алып жүру тәртібі жеңілдемек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотосурет kuzbasseco.ru сайтынан алынды Фотосурет kuzbasseco.ru сайтынан алынды

Кедендік одаққа мүше мемлекеттер аумағында аң атуға арналған қаруларды алып жүру тәртібі жеңілдемек, деп хабарлайды ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. "Кедендік одаққа мүше мемлекет тұрғындары үшін аң атуға арналған қаруды өздерімен бірге алып жүру тәртібі жеңілдей түспек, ал болашақта одақ аясында бірегей аңшылық билет берілетін болады", - деді Еуразиялық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) сауда-саттық жөніндегі министрдің қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Юрий Арманд. "Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2014 жылы наурыздың 7-і күні өткен кезекті жиынында қызметтік және азаматтық қаруларды мемлекеттер арасында алып жүру туралы келісім жобасы мақұлданды", - деді ол. Ол жиында сөз алған ЕЭК-ның сауда-саттық жөніндегі министр Андрей Слепнев, "біз осы келісім негізінде Кедекдік одаққа мүше мемлекеттер аумағында аңшылық қаруларды алып жүру тәртібін жеңілдетуді көздеп отырмыз", - деп атап өтті. "Жаңа ережеге сәйкес бұдан былай аңшылар аң аулауға рұқсат беретін құжаттарды, қай елдің аумағында аңға шықса, сол елдің жауапты мекемелерінен ғана алатын болады. Енді аңшыларға аң атуға рұқсат беретін екі емес, бір ғана құжат қажет болады", - деді Слепнев. Ережеде сондай-ақ, қаруды алып жүруге бір реттік рұқсат 15 тәулікке беріледі. Сондықтан тұрғындар аң ату мерзімін белгіленген тәуліктен асырмауы тиіс екенін тілге тиек етті министр. "Кедендік одаққа мүше мемлекеттер қол қойған бұл келісім жобасы аясында аңшыларға қаруды алып жүруге рұқсат беретін бірегей құжат, яки "еуразиялық бірегей аңшылық билеті" берілетін болады. Мұндай тәжірибе Еуропа елдері арасында да бар", - деді Слепнев.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети