Ресейдің Федерация Кеңесі Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы туралы шартты ратификациялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейдің Федерация Кеңесі Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуы туралы шартты ратификациялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Шарт Арменияның ЕАЭО-ға мүше болуын және оның Кеден одағы аясында бекітілген басқа да халықаралық құжаттарға қосылуын қарастырады. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше Арменияның тарифтік міндеттемелері қайта қаралып, ЕАЭО-ның Бірыңғай кеден тарифіне түзету енгізіледі.
Сонымен бірге, бұл құжат Бірыңғай кеден тарифінен айырмасы бар Арменияның кедендік әкелім бажын сәйкестендіруге бір жылдан сегіз жылға дейін, Кеден одағы техрегламенттерін қолдануға көшуге 12 айдан 60 айға дейін және зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау және күзету мәселелерін реттеуге 3 жылға дейін уақыт беруді қарастырады. Бірыңғай құжаттарға көшу кезеңінде ЕАЭО мүшелері Арменияға әкелінген тауарлардың өз аумақтарына жеткізілуінің ерекше тәртібін анықтауы керек.
Бұған қоса, шарт кеден транзиті рәсімі бойынша жеке сәйкестендірудің арнайы құралдарын қолдана отырып, тауарларды шетел мемлекеттері аумағынан жеткізудің ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолданумен байланысты мәселелерді реттейді.
ЕАЭО туралы шартқа Ресей, Беларусь пен Қазақстан осы жылдың 29 мамырында Астанада қол қойған болатын. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.