Атамбаевтың көлігіне оқ атылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрынан Видео кадрынан

Белгісіз біреулер Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көлігіне оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгісіз біреулер Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көлігіне оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шабуыл Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында социал-демократтар мен Бабанов партиясының біріккен күштері сөйлеп жатқанда жасалды. 

Әзірше басқа мәліметтер жоқ. Қазіргі уақытта қақтығыста жарақат алған бірнеше депутат және халықаралық телеарнаның бір журналисі туралы белгілі.

Еске салайық, бұған дейін Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында қақтығыс басталғаны хабарланған. Наразылық білдірушілер таяқ пен пластикалық бөтелкелер қолданған, сондай-ақ, атысқа ұқсас дауыстар естілген. 

24.kg хабарлауынша, төбелесті саясаткер Садыр Жапаровтың жақтастары ұйымдастырған. Жапаровты Жогорку Кенештің (парламенттің) жекелеген депутаттары премьер-министр лауазымына ұсынған.

Еске салайық, мұның алдында Атамбаевтың Бішкектегі митингіге келгені хабарланған еді. Наразылық акциясына Алмазбек Атамбаев, бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков және Омурбек Бабанов қосылды. Олар жиналған жұрттың алдында сөз сөйлеген.

Алмазбек Атамбаев жиналған жұрт алдында билік керек емес екенін айтқан болатын.

"Мені көптеген адам, соның ішінде басқа елдердің, тіпті Еуропа елдерінің президенттері де көндірді. Мен билікті бейбіт жолмен беру үшін арнайы прецедент жасадым. Атамбаевқа билік керек емес. Жастар, сіздер маған балаларым сияқтысыздар. Мен 2010 жылы да уақытша үкіметке қарсы шықтым, өйткені еш жерде заңсыздық болмауы керек", - деген еді ол. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course up  587.02  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro