БАҚ: Янукович Ресейге қашып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАҚ: Янукович Ресейге қашып шықты

Украина Президенті Виктор Янукович Ресейге қашып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz украиндық ТСН порталының сенімді дереккөзіне сілтеме жасап. Бұған дейін Украина парламенті ел президенті Виктор Януковичті отставкаға жіберу туралы дауыс берген болатын. Украина парламентінің спикері Александр Турчиновтың сөзіне қарағанда, Жоғарғы Рада Януковичтің Украина президенті ретінде өзіне жүктелген міндеттерді орындамауына байланысты президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді жариялаған. Мемлекет Басшысын мерзімінен бұрын сайлау 2014 жылы мамырдың 25-іне белгіленген-тін. Ал Янукович болса Харьковқа барған сапарында телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде өзінің отставкаға кетпейтінін, парламент шығарған соңғы шешімдердің барлығы заңға қайшы екенін айтқан-тын. Ол сондай-ақ, елден кетпейтінін, керісінше елдің оңтүстік-шығысына жасағалы отырған сапары барысында сайлаушылармен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети