Бішкекте төтенше жағдай режимі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкекте төтенше жағдай режимі жарияланды Фото: Sputnik.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 9 қазанда сағат 20.00-ден бастап 21 қазанда сағат 08.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай режимі енгізілсін. Қырғыз Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Орозалиев Алмазбек Кыдырмайұлын Қырғыз Республикасы Бішкек қаласында төтенше жағдай режимі кезеңінде комендант (бұдан әрі - Комендант) болып тағайындалсын. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында комендатура құрылсын", - делінген жарлықта.

Жарлыққа сәйкес, қалада коменданттық сағат, азаматтардың кіруі мен шығуының ерекше режимі енгізіледі.

Жеке азаматтарға белгіленген мерзімде өз үйінен (пәтерінен) немесе уақытша тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети