Донецк республикасында әскери жағдай жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Донецк республикасында әскери жағдай жарияланды Денис Пушилин. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Өздерін Халықтық Республика деп жариялаған Донецкінің уақытша үкіметінің басшысы Денис Пушилин 26 мамырдан бастап Республика аумағанда әскери жағдай жарияланғанын мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өздерін Халықтық Республика деп жариялаған Донецкінің уақытша үкіметінің басшысы Денис Пушилин 26 мамырдан бастап Республика аумағанда әскери жағдай жарияланғанын мәлім етті" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Ертең нөл сағат нөл минуттан бастап әскери жағдай енгізіледі. Біздің жуық арадағы міндетіміз-аумақты өзге әскерилерден тазарту" деп мәлімдеді Денис Пушилин, жергілікті теледидар арқылы жасаған үндеуінде. Бұған дейін Украина билігі елдің шығысында әскери қимылдар одан әрі жалғасатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, Пушилин exit poll мәліметі бойынша жеңіске жеткен Петр Порошенконың Донецкіге келуі екіталай екенін айтты. "Қалыптасқан дәстүр бойынша президент сайланған соң, ол ең алдымен көрші Республикаға сапар жасайды. Оның Донбасқа келуге ниет танытуын біз солай қабылдаймыз" деді ол. Пушилиннің пайымдауынша, "Украина де-юре бойынша бар, ал де-факто бойынша жоқ. Қараңыздаршы, қазір солтүстікте де автономия жайлы сөз қозғалып жатыр. Ол жақта да тәуелсіздік алу үшін референдум өтетінін ешкім жоққа шығара алмайды" деп мәлімдеді ол.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети