28 мамыр 2014 | 09:48

Донецкіге жақсы қаруланған қосымша күш келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Донецкі жасақтары. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған Донецкі жасақтары. Сурет РИА Новости ақпарат құралынан алынған

"Донецкі Халықтық Республикасының (ДХР) жасақтары сейсенбі күні жақсы қаруланған қосымша күш келгенін хабарлаған. "Бізге жақсы қаруланған үлкен қосымша күш келді" деп мәлімдеді ДХР ақпарат және көпшілік коммуникациялар министрі Александр Хряков. Ол қаладағы жағдайға қатысты "біз айнала қорғаныс жасадық" деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Донецкі Халықтық Республикасының (ДХР) жасақтары сейсенбі күні жақсы қаруланған қосымша күш келгенін хабарлаған. "Бізге жақсы қаруланған үлкен қосымша күш келді" деп мәлімдеді ДХР ақпарат және көпшілік коммуникациялар министрі Александр Хряков. Ол қаладағы жағдайға қатысты "біз айнала қорғаныс жасадық" деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Десе де, Хряков қосымша күштердің қайдан келгенін нақты айтпады. Бұған дейін Донецкіге қосымша күш жіберілгені жайлы Славянскі "халық жасағы" командирі және Луганскі халықтық республикасының басшысы Игорь Стрелков мәлім еткен болатын.

Оған қоса, бірқатар украиндық БАҚ-тар қосымша күштің "достастық елінен" келгенін айтады. Бұған дейін Украина мемлекеттік шекара қызметі 27 мамыр күні әскери жүк көліктеріне мінген жасақтардың Ресейден Луганскіге шекараны бұзып өткені жайлы хабарлаған болатын. Хабарламада қаруланған белгісіз адамдардың Астахов елді мекені маңынан шекараны бұзып өтіп, Украина аумағына енгені айтылған. Украина СІМ-нің пайымдауынша, мұндай шаралар Кремлдің және ресейлік арнайы қызметтің бақылауымен жүзеге асып отыр.

Алайда, Ресей тарапы украиналық шекарашылардың "Ресей аумағынан Украинаға қару жүктеген автокөліктер мен қаруланған адамдар өтті" деген мәлімдемесін жоққа шығарып отыр. "Ресей ФҚҚ Ростов облысы бойынша Шекара басқармасы Ресей-Украина шекарасының бұзылғаны жайлы ақпаратты растамайды" деп мәлімдеді Ресей ФҚҚ Ростов облысы бойынша Шекара басқармасы баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, 26 мамырда Донецкіде антитеррорлық операцияның белсенді кезеңі басталып, ДХР мен украин армиясы арасында қақтығыс қайта жаңғырған болатын. Украиналық күш құрылымдар жасақтарға қарсы әскери авиацияны қолданды. Әртүрлі дерек көздерінің мәліметіне қарағанда, қақтығыс салдарынан 40-тан 200-ге дейін адам көз жұмған. Донецкі мәйітханасы өлген адамдарға толып кеткен.

27 мамыр күні, өздерін республика деп жариялаған Донецкі билігі Донецкіде кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін коменданттық уақыт енгізді. ДХР баспасөз қызметі өзге уақытта көшеге шығу адам өміріне қауіпті екенін айтады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети