ЕО Ресейге тасымалдауға тыйым салынған азық-түлікті тегін таратады делінеді ЕО-ның ресми сайтында.
ЕО Ресейге тасымалдауға тыйым салынған азық-түлікті тегін таратады делінеді ЕО-ның ресми сайтында.
Мұндай шара ресейлік санкциядан ауылшаруашылығы тауары нарығын қорғау үшін қолданылып отырған көрінеді.
"Ресей біздің ауылшаруашылығы өнімдерін тасымалдауға тыйым салғаннан кейін нарықта орын алған жағдайды ескере отырып, мен еуропалық нарықта жеміс-жидек пен көкөністер ұсынысын қысқартуға мүмкіндік беретін төтенше шараларды қолдануды ұсынамын" деп мәлімдеген 18 тамызда ЕО-ның ауылшаруашылығы бойынша комиссары Дачиан Чолош. Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін шамамен 125 миллион евро бөліну көзделіп отыр.
Еуропалық одақ, негізінен, жылдам бүлінетін, артығымен ұсынылып жатқан жеміс-жидек пен көкөністерді сатып алмақшы. Ресей шектеуінен зардап шеккен азық-түлікті тасымалдаушылардың ірілеріне де, сол секілді ұсақ фермерлерге де қолдау көрсетіледі деп хабарланады. Бұл шараға ілінетін тауарларға қызанақ, түрлі-түсті қырыққабат, саңырауқұлақ, жүзім, қияр және басқа да мерзімді бау-бақша дақылдары енеді. Кейіннен үкімет мұның барлығын ЕО бойынша тегін таратпақшы.
Еске сала кетелік, тамыздың басында Ресей өзіне қарсы санкция қолданған Батыс елдеріне сиыр етін, шошқа етін, құс етін, балық, көкөністер, жеміс-жидек, сүт өнімдерін тасымалдауға тыйым салған.