02 маусым 2014 13:42

Ерлан Ыдырысов: ЕАЭО - Путиннің құпия жоспары емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың мәнін түсіндіру үшін дипломатиялық миссия басшыларымен және халықаралық ұйым өкілдерімен кездесті. Жаңа одақтың атауын қысқарту үшін министр ұсынған аббревиатура шетелдіктердің езуіне күлкі үйірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың мәнін түсіндіру үшін дипломатиялық миссия басшыларымен және халықаралық ұйым өкілдерімен кездесті. Жаңа одақтың атауын қысқарту үшін министр ұсынған аббревиатура шетелдіктердің езуіне күлкі үйірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Еуразиялық экономикалық одаққа ЕЭС деген аббревиатураны қолданамын. Біз бір әріпті қостық, енді бізде ЕАЭС, аббревиатураны оқу оңай болады", - деді Ыдырысов. Бұған кездесуге қатысушылар күліп жіберді. Шетелдіктер Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақтың қысқартылған атауларының өте ұқсас болғандықтан күлсе керек.

"Стэнфорд сарапшылары біздің одақ Еуропалық одаққа қарсы тұратынын айтып жатыр. Жоқ. Біз сауда мен инвестиция саласындағы экономикалық мәселелерде Еуропалық одақпен әріптестік орнатқымыз келеді және бұл ашық әрі анық саясат", - деді министр.

Сыртқы істер министрі Еуразиялық экономикалық одақ елдері жетекшілерінің келешекті Еуроодақпен және Қытаймен тығыз экономикалық серіктестікте елестететінін баса айтты. "Айдап салатын ойлар мен мәлімдемелерден аулақ болыңыздар", - деді министр. 

"Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің саяси міндеттемелері жөнінде арбауды көздейтін ой-толғамдар бар. Мұндай үрейге ешқандай себеп жоқ. Біз өз елдеріміздің келешегі үшін аса қолайлы жағдай жасау үшін бірігуге күш салдық. Одақ жетекшілері өзара күш салудағы негізгі саланың экономика болатыны жөнінде келісті, сол себепті біз экономикалық аспектілерде ынтымақтасуға бел буып отырмыз", - деді Ыдырысов.

Сонымен бірге, министр Еуразиялық экономикалық одақтың Владимир Путиннің құпия жоспары емес екенін мәлімдеді. "Бұл Ресей жетекшісінің Кеңес Одағын қалпына келтірудегі құпия жоспары деп мәлімдеушілерге айтарым, үш жетекші де өз мәлімдемелерін ашық айтқан болатын, олар мүлдем басқа картинаны көріп отыр: бұл келісімнің артында жасырын әрекет жоқ, қандай да бір астыртын ой, пиғыл жоқ", - деді Ыдырысов.

Министрдің айтуынша, бұл одақта тек бір ғана жоспар бар: ғаламдық экономикалық үрдістер арасында тасада қалмау, жалғасып келе жатқан экономикалық дағдарыс алдында қасқайып тұра білу, халық өмірі стандарттарын жақсарту.

"Сол себепті "біз одақтың әрбір мүшесінің саяси егемендігін жоғалтып аламыз, бір тараптың келесі тараптан басымдылығы байқалады" деген үрей болмауы тиіс. Егер шынымен солай болса, бұл одаққа ешкім қосылмас еді", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети