Грузияда 15 маусым Қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили апат салдарын жою жөніндегі төтенше штаб отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды "Грузия-online".
Грузияда 15 маусым Қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили апат салдарын жою жөніндегі төтенше штаб отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды "Грузия-online".
"Өкінішке қарай, қаза болғандар бар. Үкімет атынан олардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Біз үшін бұл үлкен қасірет. Біз Қаралы күн жариялағымыз келеді. 13-14 маусымдағы Тбилисидегі қайғылы оқиғадан қаза тапқандарды еске алу күні ретінде 15 маусымда Қаралы күн деп жариялау үшін үкіметтің қаулысы бар", - деп мәлімдеді Гарибашвили.
Тбилисиде жексенбіге қараған түні су тасқыны болды. Әсіресе Тбилисидегі Ваке-Сабуртало автожолы аймағындағы жағдай ауыр, онда кеше түнде Вере өзенінің аңғарында жеке үйлер су астында қалды. Қала мэрі Давид Нарманианың соңғы мәліметтеріне қарағанда, қаза болғандардың саны - 12.
Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвилидің тапсырмасымен апат салдарын жою жөніндегі Төтенше штаб құрылды. Оған ІІМ, Тбилиси әкімдігі және қаланың аудан әкімдіктерінің өкілдері кірді. Штаб жұмысын Грузия үкіметінің жанындағы Дағдарыс және қауіпсіздік жөніндегі басқарма кеңесі реттейді. Су басу салдарын жоюға барлық қызметтер тартылған.
Айта кетейік, қаза болғандар мен жарақат алғандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді.