Өзбекстанда президенттің қызы - Гүлнара Кәрімованың айналасындағы адамдар сотталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Өзбекстанда президенттің қызы - Гүлнара Кәрімованың айналасындағы адамдар сотталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Гүлнара Кәрімованың достары Рустам Мадумаров пен Гаянэ Авакян бірнеше қылмыс бойынша сотталып, 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ кейін жаза мерзімі үштен бірге қысқартылды.
Мадумаров пен Авакян күні кешеге дейін Гүлнара Кәрімованың бизнестегі сенімді тұлғалары болып келді. Мадумаров - Франция, Латвия, Швеция және Швейцария елдерінің билігі қаржы жымқыру және жемқорлық деректері бойынша қозғаған бірнеше қылмыстық істің фигуранты. Авакян, бейресми мәлімет бойынша, Takilant офшор компаниясына иелік етеді, оның TeliaSonera швед-финн телекоммуникациялық концернінің төңірегіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалға қатысы бар.
Еске сала кетейік, Гүлнара Кәрімованың достары - Мадумаров, Авакян мен Екатерина Клюеваларды 2014 жылдың ақпан айында Ташкентте Өзбекстанның Бас прокуратурасының қызметкерлері ұстаған болатын. Бұл үшеуіне "Шетел валютасын жасыру", "Салықтан жалтару" баптары бойынша айып тағылды. Күдіктілер Terra Group, Prime Media, Gamma promotion және басқа да компаниялардың лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істердің шеңберінде қолға түсті.
Ақпарат құралдары Рустам Мадумаровты Гүлнара Кәрімованың азаматтық некедегі күйеуі екенін айтады. Гугуша (Кәрімованың сахналық псевдонимі) өткен жылдың күзінде анасы Татьяна Кәрімовамен, сіңлісі Лоламен және Өзбекстан ҰҚҚ басшысы Рустам Иноятовпен жанжалдасқаннан кейін теперіш көре бастады. Елде Гүлнараның есімімен байланысты кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, телеарналар мен радиостанциялар жабылып жатыр.