Харьковтен апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing-777 құрбандарының cүйектері салынған 5 контейнер аттанды, - деп хабарлайды Харьков облысының мемлекеттік әкімшілігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.
Харьковтен апатқа ұшыраған малайзиялық Boeing-777 құрбандарының cүйектері салынған 5 контейнер аттанды, - деп хабарлайды Харьков облысының мемлекеттік әкімшілігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.
Ұшақ апаты құрбандарының cүйектерін жуырда ғана Голландияға тасымалдау үшін Харьковтегі Малышев атындағы зауытқа жеткізген болатын. Мәйіт cүйектері бар 5 контейнерді тиеп, Харьковтен Эйндховенге (Голландия) бағыт алған ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 11.45-те көкке көтерілді.
"Біз іздестіру тобына көмектесе отырып, қаншалықты жұмысты еңсергендеріңізді жақсы біліп отырмыз. Құрбандардың мүрдесін іздестіруде үлкен нәтижеге қол жеткіздік. Бірақ бұл арада бірқатар шешілмеген мәселелер бар. Апат болған жерді тексеруді әлі де жалғастыру керек, қираған ұшақ қалдықтарын да жинастыру қажет. Алда әріптестігімізді әлі жалғастырамыз деп сенімін", - деді Нидерланды патшалығының сыртқы істер министрі Берт Кундрес.
Алдында Голландия Қауіпсіздік кеңесі Украинаның шығысында апатқа ұшыраған Boeing-777 қирандыларын жинап алуға ниет білдіріп отырғандығы хабарланған. Сарапшылар ұшақтың бір бөлігін қайтан құрап шықпақшы, олардың пікірінше, бұл әуе апатының себебін анықтауға көп көмек береді. Күні бұрын апат құрбандарының жаңадан сүйектері табылғандығы хабарланған.
Еске сала кетелік, Malaysia Airlines әуе компаниясының ұшағы 17 шілдеде Донецк облысы маңында апатқа ұшыраған. Амстердам - Куала-Лумпур бағыты бойынша бет алған әуе кемесінде 280 жолаушы мен 15 ұшақ экипажы болған. Алдын ала жария болған деректер бойынша, ұшақ зымыранмен жерден атып түсірілген. Украина билігінің айтуынша, лайнерді сепаратистер "Бук" зымыран қондырғысымен атып түсірген.