Егер Украина билігі өтініш білдіретін болса Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Бұл туралы ХВҚ басшысы Кристин Лагард мәлімдеді. "Егер Украина билігі ХВҚ-нан қаржылай көмек көрсетуін, кейбір мәселелер бойынша кеңес алу, болмаса экономикалық реформаларды талқылау бойынша өтініш білдіретін болса, онда біз қолдау көрсетуге дайынбыз. Қор қазіргі жағдайды жан-жақты саралай отырып, тиісті шараларды қолданудың барлық жолдарын қарастыратын болады", - деді Лагард. Атап өтейік, Украина ХВҚ мүшесі болып табылады. Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің бір лауазымды өкілі, америка билігі Украинаның ХВҚ-на кез келген уақытта өтінішпен шығуына қолайлы жағдай туғызылатынын мәлімдеген болатын. Халықаралық валюта қорына өтініш білдіру ең алдымен Украина экономикасының "тұрақты дамуына мейлінше қолайлы жағдай туғызады" деген болатын есімін атамауды өтінген АҚШ өкілі.
Егер Украина билігі өтініш білдіретін болса Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Бұл туралы ХВҚ басшысы Кристин Лагард мәлімдеді.
"Егер Украина билігі ХВҚ-нан қаржылай көмек көрсетуін, кейбір мәселелер бойынша кеңес алу, болмаса экономикалық реформаларды талқылау бойынша өтініш білдіретін болса, онда біз қолдау көрсетуге дайынбыз. Қор қазіргі жағдайды жан-жақты саралай отырып, тиісті шараларды қолданудың барлық жолдарын қарастыратын болады", - деді Лагард.
Атап өтейік, Украина ХВҚ мүшесі болып табылады. Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің бір лауазымды өкілі, америка билігі Украинаның ХВҚ-на кез келген уақытта өтінішпен шығуына қолайлы жағдай туғызылатынын мәлімдеген болатын.
Халықаралық валюта қорына өтініш білдіру ең алдымен Украина экономикасының "тұрақты дамуына мейлінше қолайлы жағдай туғызады" деген болатын есімін атамауды өтінген АҚШ өкілі.