Янукович бүкілукраиналық референдум өткізуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Янукович бүкілукраиналық референдум өткізуге шақырды Виктор Янукович. ©РИА Новости

Украинаның биліктен аластатылған президенті Виктор Янукович елдің өңірлерін шұғыл сайлаудың орнына референдум өткізуге шақырады деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның биліктен аластатылған президенті Виктор Янукович елдің өңірлерін шұғыл сайлаудың орнына референдум өткізуге шақырады деп хабарлайды РИА Новости.

ерзімінен бұрын өтетін шұғыл сайлау емес, тек бүкілукраиналық референдум ғана саяси ахуалды айтарлықтай дәрежеде тұрақтандырып, украин мемлекетінің егемендігі мен тұтастығын сақтауға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Янукович украин халқына арнаған үндеуінде.

Еске салайық, 22 ақпан күні Украинада билік ауысқан болатын. Рада Виктор Януковичті биліктен кетіріп, конституцияны өзгертті және мемлекет басшысын сайлауды 25 мамырға белгіледі. Янукович Украинаның аумағын тастап кетіп, Дондағы Ростовқа келді. Ол мұндай қадамға кісі қолынан өлуден қауіптенгендіктен барғанын айтты.
 
Украинаның бірқатар облысы жаңа биліктің заңды екенін мойындамай, өңірдің келешектегі тағдыры туралы референдум өткізуге шешім қабылдады. Қырымда өткен референдумға қатысушылардың 96%-ы Ресей құрамына қосылуға дауыс берді. 18 наурызда Қырым мен Севастопольдің Ресейге қосылуы туралы шартқа қол қойылды.
 


Подробнее:https://tengrinews.kz/sng/yanukovich-prizval-provesti-vseukrainskiy-referendum-252654/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети