Янукович мерзімінен бұрын сайлау өткізетінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина Президенті Виктор Янукович ұлттық сенім үкіметін қалыптастыруға шақырды деп хабарлайды "РИА Новости". Президент парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге және парламенттік республикаға басым өкілеттік беретін 2004 жылғы Конституцияны қайта енгізуге бастамашыл болатынын айтты. "Мен елде тыныштықты қалпына келтіру үшін және қақтығыстың ендігі құрбандарын болдырмау үшін жасалатын қадамға баратынымды жариялаймын. Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге мұрындық боламын. Сонымен бірге, парламенттік республика тарапына өкілеттік беретін 2004 жылғы Конституцияға оралуға да мұрындық боламын", - делінген Президенттің мәлімдемесінде. Өзінің ресми сайтындағы мәлімдемеде Янукович ұлттық сенім үкіметін қалыптастыру рәсімін бастауға шақыратынын да жеткізген. Мұның алдында ол еуропалық елшілермен келіссөз жүргізген. Франция, Германия, Польша Сыртқы істер министрлері - Лоран Фабиус, Франк-Вальтер Штанмайер және Радослав Сикорскийлермен жүргізілген келіссөздер өте күрделі болған және түні бойы созылған. Бұған дейін Киевте Львов милиционерлерінің бүлікшілер жағына шыққаны хабарланған еді. Олар құқық қорғау органдарына қарай оқ атуға дайын екенін мәлімдеді. Ал осы аралықта текетірес құрбандарының қатары 80 адамға жетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети