18 желтоқсан 2014 | 18:01

Қазақстан дағдарыстан қиналмай шығады - Путин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. ©РИА Новости Владимир Путин. ©РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ іске қосылғаннан кейін Қазақстанға экономикалық дағдарысты еңсеру оңай болады деп есептейді, бұл туралы ол "Россия-24" телеарнасының эфирінде трансляцияланған жыл сайынғы баспасөз мәслихаты барысында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ іске қосылғаннан кейін Қазақстанға экономикалық дағдарысты еңсеру оңай болады деп есептейді, бұл туралы ол "Россия-24" телеарнасының эфирінде трансляцияланған жыл сайынғы баспасөз мәслихаты барысында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Путиннің айтуынша, Қазақстан Ресей сияқты мұнай өндіруші ел болғандықтан, дағдарыстан қиналмай шығады. "Қазақстан да Ресей сияқты Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ықпалдастық байланыстарының сыртында жағымсыз сыртқы экономикалық конъюнктурамен бетпе-бет келіп отыр. Біз бұл ахуалдан шыға аламыз ба? Мен бұл жағдайдан оң өзгеріспен шығатынымызды айттым. Әлем экономикасының өсімі мен қуат көздеріне деген қажеттілік жағдайында біздің экономикаларымыз қалай болғанда да энергетикалық ресурстар бағасының төмендеуіне бейімделетін болады", - деді Путин. 

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ кедергілерді жойып, дағдарысты оңай еңсеруге мүмкіндік береді. "Президент Назарбаевтың өз уақытында жасаған және біз кейін интеграция тұрғысынан іске асырған ұсынысының мәні неде еді? Тауарлардың, жұмыс күші мен капиталдың қозғалысы үшін бостандық кеңістігін кеңейтіп, жағдайды бірге жеңілдету еді. Әрине, мұны бірге істеу оңай. Оның үстіне, Кеден одағы іске қосылғаннан кейінгі жылдары біздің тауар айналымымыз 50 пайызға ұлғайды. Бұл - айтарлықтай ақиқат көрсеткіш және біз интеграциямен байланысты оң өзгерістерге иек артатын боламыз", - деді Путин. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов Еуразиялық экономикалық одақ нормаларын енгізуді бір жылға кейінге қалдыруды ұсынған еді. "Ресейдегі экономикалық ахуал қалпына келгенше ЕАЭО нормаларын енгізуді бір жылға кейінге қалдыруды ұсынамын. Мұндай есеңгіретерлік құлдыраудан кейін, экономикалық төмендеуден кейін біз экономикалық тұрғыдан бауырласа алмаймыз. Олардың дағдарысы біздің және Беларусьтің жағдайын ушықтырады", - деді Қасымов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети