Кеден одағы елдері бірыңғай виза енгізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеден одағы елдері бірыңғай виза енгізуі мүмкін ©REUTERS

Мәскеу мен Минск бірыңғай виза енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, бірақ оны іске асыру үшін уақыт қажет, бұл туралы РФ Сыртқы істер министрлігі консулдық департаментінің директоры Евгений Иванов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Интерфакс".

"Беларусьпен бірге бірыңғай виза кеңістігін ашу мүмкіндігі, шынымен де, қарастырылып жатыр", - деді Иванов "Интерфакске" берген сұхбатында. 

"Дегенмен оны жылдам іс жүзіне асыру мүмкіндігі туралы айту әзірше ерте. Бұл мәселенің көптеген құрамдас бөлшегі бар, соның ішінде, техникалық жағынан, оны шешуге уақыт керек", - деді дипломат.

Оның айтуынша, бірыңғай виза ашу шетел азаматтары үшін ыңғайлы болады. "Мұндай кеңістік ашудың артықшылығы айқын - ол шетел азаматтарының екі елге бірден бір-ақ виза алуына мүмкіндік берер еді", - дейді Иванов.

Ол бірыңғай виза енгізу мәселесі РФ аумағына шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың келу және кіру тәртібін реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шеңберінде де қарастырылып жатқанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети