Киевте банк тонамақ болғандар милицияға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киевте банк тонамақ болғандар милицияға берілді ©Ubb.com.ua

Киев орталығында банкті тонамақ болған қарулы қарақшылар құқық қорғау органдарына өз еркімен берілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Милиция қызметкерлері "Укрбизнесбанк" бөлімшесін басып алған адамдарды қаруды тастауға көндірді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарақшылардан төртеуден кем емес Калашников автоматы тәркіленген. Бұған дейін 13 наурызға қараған түні 20-ға жуық ер адамның банк бөлімшесіне кіріп, ақша сақталатын орынды бұзуға әрекеттенгені хабарланған болатын. Оқиға орнына милицияның екі наряды және "Титан" арнайы бөлімшесінің жауынгерлері келген. Шабуылшылар банктің күзетшілерін босатып жіберген. Күзетшілердің бірінің айтуынша, қарулы топ ақша тонауды емес, ғимаратты басып алуды мақсат ететінін мәлімдепті. Милициямен арадағы келіссөзден соң олар берілуді ұйғарған. Майдандағы өзін-өзі қорғаушылар мен "Правый сектор" қозғалысы өкілдері банк тонаушыларға қатысы жоғын айтып отыр. Айта кетейік, "Укрбизнесбанкті" бұрын Украина ұлттық банкінің экс-төрағасы, бұрынғы бірінші вице-премьер, ТМД үкімет басшылары кеңесінің бұрынғы төрағасы Сергей Арбузов басқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети