ҚР Сыртқы істер министрлігі ғимараты. ©Марат Әбілов
Киевте тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап. "Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің ақпараты бойынша демонстранттар мен құқық қорғау өкілдері арасындағы қақтығыс кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп мәлімдеді Нұржан Айтмаханов. Баспасөз хатшысының айтуынша, Киевтегі дипломатиялық өкілдіктер Украинада оқып жатқан қазақстандық студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, хабарласқан азаматтарға тиісті кеңестер беріп жатыр. "Олардың тарапынан айтарлықтай шағым немесе қауіпсіз жерге көшіру жөнінде өтініш болған жоқ", - дейді Айтмаханов. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің консулдық есебінде 1300-ден астам қазақстандық тұр, оның ішінде, студенттер бар. Айтмахановтың айтуынша, Қазақстан Елшілігі тәртіпсіздік болып жатқан жерден төрт шақырым қашықтықта. "Елшілікке, оның қызметкерлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді баспасөз хатшысы. Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Украинаға барудан бас тарта тұруды ескерткен болатын. Соңғы мәліметтер бойынша Киевте қаза тапқандардың саны 80 адамға жеткен, жараланғандардың қатары 600-ге жуықтайды. Украина Президенті елде тыныштықты қалыптастыру үшін оппозицияның талабына көнетінін, атап айтқанда, мерзімнен бұрын сайлау өткізетінін мәлімдеген еді. Дегенмен әзірше бүлік пен текетірестің басылар түрі көрінбейді.
Киевте тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап.
"Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің ақпараты бойынша демонстранттар мен құқық қорғау өкілдері арасындағы қақтығыс кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп мәлімдеді Нұржан Айтмаханов.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Киевтегі дипломатиялық өкілдіктер Украинада оқып жатқан қазақстандық студенттер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, хабарласқан азаматтарға тиісті кеңестер беріп жатыр. "Олардың тарапынан айтарлықтай шағым немесе қауіпсіз жерге көшіру жөнінде өтініш болған жоқ", - дейді Айтмаханов.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің консулдық есебінде 1300-ден астам қазақстандық тұр, оның ішінде, студенттер бар. Айтмахановтың айтуынша, Қазақстан Елшілігі тәртіпсіздік болып жатқан жерден төрт шақырым қашықтықта. "Елшілікке, оның қызметкерлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді баспасөз хатшысы.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Украинаға барудан бас тарта тұруды ескерткен болатын. Соңғы мәліметтер бойынша Киевте қаза тапқандардың саны 80 адамға жеткен, жараланғандардың қатары 600-ге жуықтайды. Украина Президенті елде тыныштықты қалыптастыру үшін оппозицияның талабына көнетінін, атап айтқанда, мерзімнен бұрын сайлау өткізетінін мәлімдеген еді. Дегенмен әзірше бүлік пен текетірестің басылар түрі көрінбейді.