Краматорскіде болған қақтығыста он адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Краматорскіде болған қақтығыста он адам қайтыс болды ©REUTERS

"Жасақ жетекшісі бірінің мәліметіне қарағанда, Краматорскіде 3 мамыр күні болған қақтығыста он бейбіт тұрғын қайтыс болып, тағы 30 адам түрлі дене жарақатын алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Кеше кешке біздің тараптан 10 адам қайтыс болды. Олардың барлығы, қарусыз, бейбіт тұрғындар еді" деп мәлімдеді жасақ жетекшілерінің бірі. Оның сөзіне қарағанда, Украина армиясының оқ жаудыруы салдарынан 30 адам жарақат алған, олардың оншақтысы Славянскі ауруханасында жатыр. Қалғаны Краматорскінің медициналық мекемесінде.

Естеріңізге салсақ, кеше кеш қарсаңында, Краматорскіде (Донецкі облысы) украиналық бронетехникалар колоннасы бейбіт тұрғындар құрған тосқауылды бұзып өтпек болған кезде қақтығыс басталған болатын. Шыдамы таусылған сарбаздар алғашында ауаға оқ атып, сонан соң оқ атушыларды тоқтатпақ болған жергілікті тұрғындарға оқ жаудырған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети