05 сәуір 2014 | 16:36

Құрманбек Бәкиев сырттай 25 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрманбек Бәкиев. Фото ©РИА Новости Құрманбек Бәкиев. Фото ©РИА Новости

Бұрынғы Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев және оның туысқандары шетелдік кәсіпкер Шона Дэйлиді өлтірмек болған іс бойынша сырттай ұзақ мерзімге сотталды деп хабарлайды Қырғызстанның Жоғарғы сотына сілтеме жасаған  "Интерфакс-Казахстан" ақпарат агенттігі.


Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев және оның туысқандары шетелдік кәсіпкер Шона Дэйлиді өлтірмек болған іс бойынша сырттай ұзақ мерзімге сотталды деп хабарлайды Қырғызстанның Жоғарғы сотына сілтеме жасаған  "Интерфакс-Казахстан" ақпарат агенттігі.

"Первомайскі сотының шешімі бойынша Бәкиевтің барлық мүлкі тәркіленіп, қатаң режимдегі түзеу колониясында айыбын өтеу үшін 25 жыл бас бостандығынан айырылды" дейді агенттікке сұхбат беруші. Оның мәліметінше, бұрынғы президенттің ағасы мен Мемлекеттік күзет қызметінің бұрынғы басшысы Жаныбек Бәкиевтің үстінен сырттай қатаң режимдегі түзеу колониясында айыбын өткеру үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру және барлық мүлкін тәркілеу жөнінде үкім шыққан.

"Бұрынғы президенттің ұлдары - Марат Бәкиев 20 жылға сотталса, ал барлық мүлкі тәркіленуі тиіс Максим Бәкиев қатаң режимдегі түзеу колониясында айыбын өткеру үшін өмір бойғы бас бостандығынан айырылған" деп хабарлайды Жоғарғы соттағылар.  Бұл үкім "Оксус" компаниясының өкілі Шона Дэйлиге қастандық жасауды ұйымдастырды деген айып бойынша экс-президент пен оны жақын туғандарының үстінен қозғалған қылмыстық істің тергеу қортындысына сүйеніп шығарылған. Аталған компания барланып, қоры 80 тонна бағалы металды құрайтындығы анықталған Талас облысындағы Джеруй алтын кенішін игерумен айналыспақшы болған. 

"2005 жылдың соңында Максим Бәкиев әкесі Құрманбек Бәкиевпен бірге Джеруй алтын кенішін игеру құқығын заңсыз иемденіп, оны үшінші бір тұлғаға сату арқылы көп пайдаға кенелуді ақылдасып, бас қосады" делінеді қылмыстық іс құжаттарында. Негізінен, кенішті игеру лицензиясы "Оксус" компаниясына тиесілі. Дэйли 2006 жылдың наурыз бен шілде аралығында фирманың жаңа инвестициялық ұсыныстары мен жоспарларын түсіндіру мақсатында БАҚ-пен, парламентпен, үкіметпен үлкен жұмыс атқарады. Мұндағы Қырғызстанның үлесі 50 пайыз деп көрсетілген.

"Міне, осы атқарылған істерге қарамастан, премьер-министр Феликс Куловпен бекітілген "Оксус" компаниясымен әріптестік орнатудан толықтай бас тартқан президент Бәкиевтің заңсыз бұйрығымен бұл ретте "Глобал Голд Холдинг ГмбХ" компаниясы жобасының келісімшарты мақұлданады. Дэйлиді өлтіру тергеу анықтамаған тұлғаға тапсырыс берілген. 2006 жылдың 7 шілдесінде шамамен сағат 00.30-да Жібек жолы даңғылы бойындағы №382 үйдің маңында белгісіз біреу Шона Дэйлиге қаратып бірнеше оқ атады, 5,6 миллиметр калибрлі қарудан атылған оқ Марголин пистолетіне тиесілі" делінеді сот шешімінде. Дэйли аман қалып, Қырғызстанды тастап кетуге мәжбүр болады. Ал кенішті игеру құқығы марқұм кәсіпкер Борис Березовскийдің бизнесіне аффирленген құрылымға өтеді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети