Фото Doska.kg
Қырғызстан ломбардтары 180 пайыздық мөлшермен клиенттерге ақша беріп, кепілге балаларды алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚырТАГ агенттігіне сілтеме жасап. Ломбард атаулы кепілге тек мүлік пен құжат алуы тиіс болғанымен, Қырғызстандағы мұндай ломбартарға баланы кепілге алу тиімді болып тұрғанға ұқсайды. Қырғыстан Қарызгерлер комитетінің төрайымы Динара Назарқұлова мәлімдеуінше, қазір елдегі кейбір ломбардтар шамадан тыс шектен шығып отыр. Алайда оның себебін ешкім түсіндірген емес және оған заң орындарынан тосқауыл қойылмай келеді. "Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі бұл жайтқа үнсіз қарауда. Негізінен ломбард кепілге тек құжат, жылжымайтын және құнды мүліктерді ғана алуы тиіс", - дейді Динара Назарқұлова. Қырғызстанның оңтүстік аймағындағы ломбардтар кепілге баланы алумен қатар, қарызды қайтармаған жағдайда кері беруге асықпайды екен. Бұдан бөлек, бұл ломбардтардың жеке нотариусы, тіркеу қызметтерінде өз адамдары да бары таңқалдырады. "Баланы кепілге қояр алдында жұбайының келісімінсіз, сондай-ақ, қожайын рұқсатынсыз үй мен көлікті рәсімдей береді. 7-15 мың сомға аралығындағы қаржыға сатып алған патент бойынша ломбард иелері қисапсыз қаржыға ие болуда. Соның арқасында қырғыз ломбардтарының өсімақысы 160-180 пайыз шамасына жетті", - дейді Д.Назарқұлова. Ыстықкөл облысының ломбардтары кепіл ретінде үй мен көлік құжаттарымен қоса жеке төлқұжаттарды да жатыр. Сонымен қатар, Барсқоон ауылында бір қарызгер қызды анасының оған қарызын өтей алмағандығы үшін зорлау әрекетін жасаған. "Бізде өсімқорлық туралы заң мүлде жұмыс істеп отырған жоқ. Доллармен несие алғандар АҚШ валютасы курсының өсіміне байланысты қазір негізгі қарызын төлеп бітіре алар емес. Сондықтан Ұлттық банкке ломбардтар микронесиелік компаниялар мәртебесіне өтіп, тиісті салығын төлесін деген өтініш айтамыз", - дейді Динара Назарқұлова.
Қырғызстан ломбардтары 180 пайыздық мөлшермен клиенттерге ақша беріп, кепілге балаларды алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚырТАГ агенттігіне сілтеме жасап.
Ломбард атаулы кепілге тек мүлік пен құжат алуы тиіс болғанымен, Қырғызстандағы мұндай ломбартарға баланы кепілге алу тиімді болып тұрғанға ұқсайды.
Қырғыстан Қарызгерлер комитетінің төрайымы Динара Назарқұлова мәлімдеуінше, қазір елдегі кейбір ломбардтар шамадан тыс шектен шығып отыр. Алайда оның себебін ешкім түсіндірген емес және оған заң орындарынан тосқауыл қойылмай келеді.
"Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі бұл жайтқа үнсіз қарауда. Негізінен ломбард кепілге тек құжат, жылжымайтын және құнды мүліктерді ғана алуы тиіс", - дейді Динара Назарқұлова.
Қырғызстанның оңтүстік аймағындағы ломбардтар кепілге баланы алумен қатар, қарызды қайтармаған жағдайда кері беруге асықпайды екен. Бұдан бөлек, бұл ломбардтардың жеке нотариусы, тіркеу қызметтерінде өз адамдары да бары таңқалдырады.
"Баланы кепілге қояр алдында жұбайының келісімінсіз, сондай-ақ, қожайын рұқсатынсыз үй мен көлікті рәсімдей береді. 7-15 мың сомға аралығындағы қаржыға сатып алған патент бойынша ломбард иелері қисапсыз қаржыға ие болуда. Соның арқасында қырғыз ломбардтарының өсімақысы 160-180 пайыз шамасына жетті", - дейді Д.Назарқұлова.
Ыстықкөл облысының ломбардтары кепіл ретінде үй мен көлік құжаттарымен қоса жеке төлқұжаттарды да жатыр. Сонымен қатар, Барсқоон ауылында бір қарызгер қызды анасының оған қарызын өтей алмағандығы үшін зорлау әрекетін жасаған.
"Бізде өсімқорлық туралы заң мүлде жұмыс істеп отырған жоқ. Доллармен несие алғандар АҚШ валютасы курсының өсіміне байланысты қазір негізгі қарызын төлеп бітіре алар емес. Сондықтан Ұлттық банкке ломбардтар микронесиелік компаниялар мәртебесіне өтіп, тиісті салығын төлесін деген өтініш айтамыз", - дейді Динара Назарқұлова.