04 сәуір 2014 | 17:55

Қырғызстандағы қазақстандық инвестор ереуілге байланысты жұмысын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қырғызстанда қазақстандық "Алтын Кумуштак Mining" компаниясы "Шыралжың" алтын кенішінде геологиялық барлау жүргізуді уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда қазақстандық "Алтын Кумуштак Mining" компаниясы "Шыралжың" алтын кенішінде геологиялық барлау жүргізуді уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Геология және минералдық ресурстар жөніндегі агенттікке қазақстандық инвестордан тиісті хабарландыру түсті. Инвесторлар жұмысты тоқтатып, өндіріс орнынан құрал-жабдықтар мен қызметкерлерді шығаруға кіріскен. Бұл шаралар кеніштегі жұмысты тоқтатуды талап етіп, ереуілге шыққан жергілікті тұрғындармен одан әрі жанжалдасуға жол бермеу үшін жасалған. Инвесторлар әзірше кәсіпорын жұмысының тоқтауынан келген шығынды есептей қоймаған.

Қырғызстан Премьер-министрі Жоомарт Оторбаев бүгін күш құрылымдарымен кеңес өткізіп, Талас облысындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесін талқылаған. Ол әлеуметтік және экологиялық алымдар төлеу міндеттемелерін мойнына алған инвесторлардың жергілікті заңнамаларды сақтауын тексеруді тапсырды. Премьер-министрдің өкімімен Талас облысының қазақстандық инвестор төлеген төлемдердің мақсатты пайдаланылуына жауапты шенеуніктері де тексерілетін болады.

Еске салайық, Талас облысында жергілікті тұрғындар қазақстандық компанияның алтын өндіруіне қарсылық білдіріп, ереуілге шыққан болатын. Тұрғындар Тараз - Талас тас жолын жауып тастады. Бұдан кейін ереуілшілер тәртіп сақшыларымен жанжалдасып, ақыры оларды кесектің астында қалдырды. Қақтығыстан 30-ға жуық адам зардап шекті, оның 19-ы - тәртіп сақшысы.  

Қазақстандық "Алтын Кумуштак Mining" жауапкершілігі шектеулі қоғамы "Шыралжың" кенішінде 2005-2009 жылдары барлау жүргізген. Бірақ қызметіндегі заңбұзушылықтарға байланысты 2009 жылы лицензиясынан айырылды. 2013 жылға дейін Қытайдың "Ти Жен Хун" компаниясы барлау жүргізді. Қазақстандық кәсіпкерлер сотта жеңіліп қалса да, 2013 жылы Жер қойнауын пайдалану құқықтары жөніндегі комиссия компанияның лицензиясын қалпына келтірген.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети