09 наурыз 2014 17:01

Қырымның есеп шоттары жабылды

Симферополдағы Қырым парламенті алдындағы Ресейді қолдау жиыны ©REUTERS

Қырым автономды республикасының есеп шоттары жабылды. Бұл туралы Қырымның вице-премьері хабарлады, деп хабарлайды INTERFAX.RU Қырым автономды республикасының вице-премьері Рустам Темірғалиев айтуынша, Киев билігі қырымдық мемқазынашылық құрылымдардың электронды жүйесі мен Қырым автономдық есеп шоттарын жауып тастаған. "Бізге қазір ғана хабарлағандай, Украина билігі қырымдық мемқазынашылық құрылымдардың барлық есеп шоттарын жауып тастапты", - деп "Интерфакске" Темірғалиев хабарлаған. Ол сондай-ақ, Киев билігінің бұл әрекеті Қырымдағы зейнетақы мен жалақы төлеу жүйесіне кері әсер ете алмайтынын да атап өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram