01 наурыз 2014 | 18:35

Қырымның мәртебесіне қатысты референдум 30-наурызда өткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Симферопольдағы Қырым Парламенті ғимаратының алдында тұрған милиционер. ©REUTERS Симферопольдағы Қырым Парламенті ғимаратының алдында тұрған милиционер. ©REUTERS

Қырымның дербестігіне қатысты референдум 30-наурызда өткізіледі, деп хабарлайды РИА Новости аталмыш автономды респрублика министрлер кеңесінің төрағасы Сергей Аксеновке сілтеме жасап. "Қажеттілікке байланысты біз Қырым автономды республикасының мәртебесіне қатысты референдумды тездетіп өткізуге шешім шығардық. Референдум 30-наурызға белгіленді",- деді ол жаңа құрамда өткізілген Қырым министрлер кеңесінің бірінші отырысы барысында. Бұдан бұрын Ресей СІМ бірінші наурызға қараған түні Киев бағытынан белгісіз қаруланған адамдар келіп, Қырымның ІІМ басып алуға әрекеттенгенін хабарлаған болатын. "Ресей Қырымдағы соңғы оқиғалардың дамуына өте алаңдаулы. Бірінші наурызға қараған түні Киев бағытынан белгісіз қаруланған адамдар келіп, Қырым автономды республикасының ІІМ ғимаратын басып алуға әрекеттенуге қамданды. Опасыз арандатудың салдарынан зардап шекккендер бар. Алайда өзін-өзі қорғау жасағының батыл әрекет етуінің арқасында ІІМ ғимаратын басып алуға деген талпыныстың бетін қайтару сәтті өтті",- делінген ведомстваның хабарламасында. Сондай-ақ Ресей СІМ Киевтегі саяси топтар Қырымдағы жағдайды тұрақсыздандырғысы келетінін жеткізді. Ведомстваның хабарлауынша, сенбіге қараған түні Киев бағытынан белгісіз қаруланған адамдар келіп, Қырымның ІІМ ғимаратын басып алуға әрекеттенуі "Киевтегі әйгілі саяси топтардың түбектегі жағдайды тұрақсыздандыруға ұмтылысы екенін растайды". Еске сала кетейік, 27-ақпанға қараған түні Симфереполда Қырым автономды республикасының Жоғарғы Радасы мен Министрлер кеңесі ғимараты қарумен басып алынған болатын. Қырымдағы Жоғарғы кеңес пен Министрлер кеңесінің ғимараты орыстілді халықтың өзін-өзі қорғау күшімен бақыланып отырғаны хабарланған еді. Қырымдағы наразылық акциясы 25-ақпанда басталды. Қырым тұрғындары депутаттардан елдің жаңа билігін мойындамауды талап етті. Сондай-ақ наразылық білдірушілер Қырымның 1992 жылғы Конституциясын қалпына келтіруді де талап етіп отыр, бұл Конституция бойынша Қырымның өкілеттігі кеңейеді: республиканың өз президенті мен тәуелсіз сыртқы саясаты болады.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети