03 маусым 2014 | 09:35

Луганскіде 20 украиндық шекарашы жасақшыларға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Резервтегі әскери қызметкерлер. lifenews Резервтегі әскери қызметкерлер. lifenews

"Луганскіде дүйсенбі күні түнде жасақшылар мен Луганскі шекара отряды әскерлері арасында болған қарулы қақтығыста 20 украиндық шекарашы қаруларын тапсырып, жасақшыларға берілді" деп хабарлайды Tengrinews.kz LifeNews ақпарат құралына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, таяуда ғана Украина армиясына қайта шақырылған, міндетті әскери қызметтен босатылып, резервке шығарылған әскери қызметкерлер өз азаматтарына қарсы оқ атудан бас тартқан.

Иконка комментария блок соц сети

"Атыс басталғанда біз қаруды тастап, берілуді ұйғардық. Командирге үйге қайтамыз дедік, ол бізді жіберді" дейді резервке шығарылған әскери қызметкерлер. Қазіргі уақытта шекара заставасының ішінде қаруын тастаудан бас тартқан, шамамен 150 сарбаз бар. 

2 маусым күні түнде жасақшылар Луганскі маңындағы шекара комендатурасына шабуыл жасаған болатын. Шекарашылар қарсы оқ атқан. "Шамамен 00:30-да шекара отряды басқармасына қаруланған 100-ге жуық адам келген. Автомат және гранатомет қолданған алғашқы шабуыл шамамен сағат 4:00-де басталған. Кейін қаруланған адамдардың саны 500-ге жеткен" деп хабарлайды "Украинская правда".

Атыс дүйсенбіде күні бойы жалғасқан. Жараланғандарды әкету үшін күндіз атыс бір мезетке тоқтаған. Сонан соң қарулы қақтығыс қайта жалғасқан.

Қақтығыс кезінде шекара әскерлері сапынан жеті адам жараланған, төртеуінің жарақаты ауыр (базбір деректерге қарағанда, украиндық әскерилер қатарынан 10 адам көз жұмып, 20 адам жараланған). Жасақшылар қатарынан бес адам қайтыс болып, сегіз адам жараланған. Сондай-ақ қақтығыс салдарынан бір бейбіт тұрғын опат болған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети