Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей азық-түлік қауіпсіздігі жөнінен Беларусьтен жарты ғасырға қалып қойды деп есептейді, - деп хабарлайды РИА Новости. Ол бұл туралы 3 желтоқсан күні Минскідегі кеңесте мәлімдеді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей азық-түлік қауіпсіздігі жөнінен Беларусьтен жарты ғасырға қалып қойды деп есептейді, - деп хабарлайды РИА Новости. Ол бұл туралы 3 желтоқсан күні Минскідегі кеңесте мәлімдеді.
"Егер қандай тауарлар қауіпсіз: белорустікі ме, ресейлік пе деген мәселені қоятын болсақ, ол Беларусьте ғана емес, кез келген ресейліктің де күлкісін келтіреді. (...) Ресей, маған өкпелемесін, тауар қауіпсіздігі тұрғысынан Беларусьтен жарты ғасырға қалып қойды", - деді Александр Лукашенко.
Еске сала кетейік, қарашада жалған сертификаттары бар, қайдан шыққаны белгісіз ет өнімдерінің ірі контрабандасының арнасы әшкереленген еді. Бұл Беларусь пен Ресей аумағы арқылы Қазақстанға жеткізіледі делінген, бірақ шын мәнінде Ресейде сатылатын транзиттік жүк үшін жасалынған. Айта кетейік, қазан айының соңынан бері Беларусь Шошқаның африкалық обасы індетінен кейін Ресейге шошқа шаруашылығы өнімдерін жеткізуге өз-өзіне шектеу қойған еді. Бұған еуропалық өнімнің Ресейге қайта экспортталуы жағдайларының бірнеше рет тіркелуі де себеп.
Бұдан соң Роспотребнадзор қауіпті микроағзалардың анықталуына байланысты белорустың ет, шұжық, сүт өндіретін 11 кәсіпорнының өнім жеткізуіне шектеу қойды. Осы себеппен 26 қарашадан бастап, тағы сегіз кәсіпорынға қатысты шектеу енгізілді. Александр Лукашенко белорус азық-түлігін әкелуге тыйым салған Ресей билігі әбестікке барды деп есептейді. Оның пікірінше, Ресей "Кеден одағында қол жеткен барлық уағдаластықтың бұзылуына жол берді".