08 мамыр 2014 17:41

Лукашенко: Украинадағы жағдайдан шет қалуға болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Лукашенко. ©РИА Новости Александр Лукашенко. ©РИА Новости

Кремльде Ресей, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан басшыларымен кездесуі кезінде Беларусь президенті Александр Лукашенко "Украинадағы жағдай бойымызды аулақ ұстап отыруға мүмкіндік бермейді" деп мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды.


Кремльде Ресей, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан басшыларымен кездесуі кезінде Беларусь президенті Александр Лукашенко "Украинадағы жағдай бойымызды аулақ ұстап отыруға мүмкіндік бермейді" деп мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды.

"Украинада болып жатқан оқиғалар бойымызды аулақ ұстап отыруға мүмкіндік бермейді. Одессадағы оқиғалар бізді жақсы емес параллельдерге әкеліп соқтырады. Біз Хатынь оқиғасын ұмытқан жоқпыз, фашистер Белоруссия аумағындағы жүздеген деревняны өртеп жіберген еді", - деді Лукашенко.

Беларусь президенті Украинадағы халықтың көмек сұрап жатқанын және әрекет етуді талап етіп отырғанын айтты. "Біз бұған сабырлы күйде қарап отыра алмаймыз, өйткені онда біздің адамдар бар", - деді Беларусь басшысы.

Ол батыстағы серіктестердің бұл оқиғаларға тиісінше көңіл аудармай отырғанына алаңдаушылық білдірді. "Қайран қалдырады: бір жағдайда "оны істеуге болмайды" дейді, енді бір жағдайда - "болады" деп мадақтайды", - деді ол. Лукашенконың айтуынша, "егер қандай да бір дипломатиялық ұрыс-керіс болып жатса, жарайды, оған басқаша қарауға болар, ал бұл жерде адамдар өліп жатыр".

"Әлемдік қоғамдастық бұл жағдайға жалпы ұстанымдар мен бір мәнді болуы тиіс нақты талаптарды таразылай отырып араласуы қажет", - дейді Лукашенко.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети