Беларусь президенті Александр Лукашенко Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қызуқандылықпен сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеуден.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қызуқандылықпен сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеуден.
"Мен бұған дейін де айтып жүрмін, бүгін де қайталаймын, Беларусь әрқашан ҰҚШҰ шеңберіндегі сенімді одақтас болған және бола береді. Оның үстіне, мына жерде біздің кездесуімізді хабарлаған кейбіреулердың айтқанындай, Мәскеуге қол созған күйі келген жоқпыз. Бүгінгі сессияның біздің мемлекеттеріміздің қауіпсіздігінің, әлемдегі өңірлік және жаһандық тұрақтылығының одан әрі нығаюына ықпал етеді деп сенемін", - деді Лукашенко.
Оның басқа әріптестері анағұрлым ұстамды болды. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі саммитте қабылданатын шешімдердің ҰҚШҰ-дағы ынтымақтастықтың нығаюына, ұйым қызметі тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне үміт білдірді. "Біз ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы ахуалды қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың ұжымдық шараларын жасау үшін талқылаймыз. Біздің жалпы міндетіміз - қауіпсіздіктің нығаюына, біздің аймақта дамуға қажетті бейбіт әрі тұрақты жағдайды қамтамасыз етуге септігін тигізеді. ҰҚШҰ өзге елдермен, халықаралық ұйымдармен біз қабылдаған жарғыға сай құрылымдық өзара әрекеттесулер үшін ашық", - деді Қазақстан Президенті.
Ресей президенті Владимир Путин бұл жолғы саммит "күрделі жағдайда өтіп отырғанын, ескі мәселелердің ушығып жатқанын, жаңа мәселелердің туындап жатқанын және олардың келісілген шараларды қолға алуды талап ететінін айтты.
Айта кетейік, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан басшылары кіреді. ҰҚШҰ ҰҚК-ға биыл Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин төрағалық етеді.
ҰҚШҰ ҰҚК отырысының күн тәртібінде барлығы 20-дан астам мәселе бар. Мемлекет басшылары қауіпсіздіктің жаһандық және өңірлік сын-қатерлері жағдайында ҰҚШҰ-ның дағдарыстық әрекет ету жүйесінің ахуалын талқылайды. Ұйымның Бас хатшысы Николай Бордюжа ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2013 жылдың 23 қыркүйегіндегі "Тәжікстан Республикасына тәжік-ауған шекарасын нығайту жөнінде көмек көрсету туралы" шешімінің орындалу барысы туралы баян етеді.
Айта кетейік, бұған дейін Мәскеудегі саммит шеңберінде Лукашенконың Путинмен кездеспейтіні хабарланған еді. Бұл жаңалық кең таралып, қызу талқыланып кетті. Дегенмен Путин мен Лукашенко кездесті, журналистер Путиннің шараның басында мемлекет басшылары арасынан ең алғаш болып Беларусь президентіне қол бергенін көрді.