06 наурыз 2014 09:45

Майдандағы снайперлерді оппозиция жалдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Урмас Паэт и Кэтрин Эштон. YouTube иллюстрациясы Michael Bergman Урмас Паэт и Кэтрин Эштон. YouTube иллюстрациясы Michael Bergman

"Эстония СІМ Урмас Паэт еуропалық дипломатия басшысы Кэтрин Эштонмен телефон арқылы сөйлесу барысында Киевтегі тәртіпсіздік кезінде бірнеше адамды атып өлтірген снайперлерді Евромайдан жетекшілері жалдаған деген пікірін жеткізді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап. Паэттің сөзіне қарағанда, айғақтар шерушілер мен құқық қорғау органы қызметкерлерін бір снайпердің атып өлтіргенін көрсетіп отыр. Эстония СІМ басшысы "адамдар снайперлердің артында Янукович емес жаңа коалициялық күштердің тұрғанын түсіне бастады" дейді. Сондай-ақ ол жаңа коалиция жетекшілерінің бұл оқиғалардың мән-жайын тексеруге құлықсыздық танытуы халықты алаңдатып отырғанын айтады. Өз кезегінде Эштон "олар тағы біраз шыдаса, көп ұзамай сайлау болады ғой" деп жауап қатқан. Сондай-ақ Паэт қарулы адамдар тарапынан депутаттарға қысым жасалып жатқанын айтады. Оның пікірінше, Киевке тек Үкіметті ауыстыру жеткіліксіз екенін, сенімділікті арттыратын шынайы реформа жасалмаса, ақыры аянышты хәлге душар ететінін түсіндіру керек. Ал, өз кезегінде Эштон оппозиция жетекшілерімен арада болған әңгімемен бөлісті. "Мен азаматтық қоғам өкілдері Яценюкке, Кличкоға және менімен кеше кездескен басқаларына да: "Біз сіздерге саяси және экономикалық реформаны қалай жүргізу керек екенін білетін адамдарды ұсынамыз. Жақын елдер Украинаға ауқымды ішкі реформа жүргізуге көмектеседі. Бұл мәселелерде біздің мол тәжірибеміз бар, сонымен бөлісуге дайынбыз дедім" дейді ол. Паэт әңгіменің болғанын растады. Сондай-ақ ол болған жағдайға баға бермегенін, тек Украинадағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп отырғанын жеткізді. "Мұндай әңгімелердің естуі тиіс емес адамдарға жеткені өкінішті. Бұрмаланған жазба пайда болды, оның мақсаты - Украина үкіметін арандату. Мен Украинада болған жағдайға байланысты ойымды ғана айттым", - деді Паэт арнайы баспасөз конференцияда. Эстония СІМ басшысы әңгіменің министрліктің ұялы телефоны арқылы болғанын және ақпараттың қалай сыртқа шыққанына таңданыс білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети