29 сәуір 2014 | 18:43

Назарбаев пен Лукашенко алда тұрған ЖЕЭС отырысы жайлы талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко. ©РИА Новости Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко. ©РИА Новости

Қазақстан мен Беларусь басшылары алда тұрған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭС) отырысы және екіжақты қатынастарды дамыту жайлы талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Беларусь басшылары алда тұрған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (ЖЕЭС) отырысы және екіжақты қатынастарды дамыту жайлы талқылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Алда Еуразиялық экономикалық кеңестің жоғарғы деңгейінде өте маңызды кездесу тұр. Сарапшылар өз қорытындыларын дайындады, енді кейбір детальдерді талқылап, нақтылау қажет", - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен кездесуі кезінде. 

Назарбаев Қазақстан мен Беларусь арасында екіжақты қатынастардың жақсы дамып келе жатқанын атап өтті. "Тауар айналымы өсіп келеді, экспорт артып отыр, осы бағытта жалғастыра беру қажет. Қазақстанда бәрі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім салаларындағы біздің ынтымақтастығымыздың деңгейін арттыруға дайын отыр", - деді Қазақстан басшысы.

Өз кезегінде Лукашенко Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) шеңберінде көп мәселенің шешілгенін хабарлады. "Бізге Еуразиялық экономикалық одақтың перспективалары мен оның жолында кездесетін қиындықтар туралы пікір алмасу қажет", - деді белорус жетекшісі.

Айта кетейік, Кеден одағына мүше үш елдің - Ресей, Беларусь пен Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағын құру 2015 жылға қарай жоспарланып отыр. Бұл елдердің жалпы ішкі өнімінің жиынтық көрсеткіші ТМД-ның жалпы өнімінің 85%-ын құрайтын болады. 2011 жылдың соңында үш ел басшыларының шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия құрылған болатын, ол Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тұрақты қызмет ететін бірыңғай органы болып саналады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети