24 қыркүйек 2014 | 14:43

Назарбаев пен Путин өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстан мен Ресей президенттері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Ресей президенттері Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өзара ықпалдастық мәселелерін талқылайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

30 қыркүйекте Владимир Путин Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге екі елдің XI аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысады. "Форумның жалпы отырысы алдында президенттер бөлек әңгіме жүргізеді, оның барысында қалыптасып келе жатқан Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Қазақстан - Ресей қатынастары мен өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылау көзделіп отыр", - делінген Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, форумның негізгі тақырыбы көмірсутегі саласындағы инновациялар болады. Форумға тиісті ЕАЭО-ға мүше елдер министрліктері мен басқа да ведомстволарының басшылары, ірі бизнес өкілдері қатысады. Аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі кездесулер 2003 жылдан бері Ресей мен Қазақстанда кезектесіп өткізіліп келеді. Алғашқы форум Екатеринбургте өтті.

Бұған дейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің ЕАЭО туралы келісімшартты ратификациялау жөніндегі заң жобасын жасауды қолға алғаны хабарланған еді. Құжат бойынша қорытынды 10 желтоқсанға қарай шығарылады. Еске сала кетейік, ЕАЭО туралы келісімшартқа биыл 29 мамырда Астанада қол қойылды

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети