Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығын дамытудың жаңа тұжырымдамасын жасауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сіздердің бәріңіз шешкендей, төрағалық Қазақстанға өтеді. Біз сабақтастық тәртібімен бұл бағытта одан әрі жұмыс істейтін боламыз. Мемлекет басшыларымен ақылдасып, ТМД-ны дамытудың жаңа тұжырымдамасы туралы, ары қарай қалай жұмыс істейтінімізді келісуге болады, бұл құжатты ТМД-ның 25 жылдығына әзірлеу керек. Қазақстан оны жасап, сіздермен кеңесетін болады", - деді Президент Минскіде өтіп жатқан ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында.
Нұрсұлтан Назарбаев елдер сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және еркін сауда аймағы шеңберіндегі жұмысты жалғастыратынын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан өзінің ТМД-ға төрағалығы барысында көлік-транзит, агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік қауіпсіздігі, гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне көңіл бөледі.
"Біз сіздермен кеңесе отырып, теңдестірілген жұмыс істейтін боламыз деп ойлаймын", - деді Назарбаев. Ол ТМД-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2015 жылдың төртінші тоқсанында өтуі мүмкін екенін айтты.