06 мамыр 2014 | 10:14

Одессада 2 мамыр еске алу күні болып жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті Әсел Сатаева түсірген Суретті Әсел Сатаева түсірген

2014 жылдың 2 мамыр күні болған қайғылы жағдайға байланысты Украинаның Одесса қаласында 2 мамыр - Еске алу күні болып жарияланды. Бұл жарлық Одесса қаласы мэрінің ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

2014 жылдың 2 мамыр күні болған қайғылы жағдайға байланысты Украинаның Одесса қаласында 2 мамыр - Еске алу күні болып жарияланды. Бұл жарлық Одесса қаласы мэрінің ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұдан былай, жыл сайын, осы күні барлық ғимараттар мен мекемелерде, кәсіпорындар мен тұрғын үйлерде орнатылған Украинаның және Одесса қаласының туларына қара белбеу тағылып, төмен түсіріледі. Сонымен қатар бұл күні ойын-сауық шараларын өткізуге, музыканы пайдалануға тыйым салынады.

"Ешқайсымыз да бұл күнді естен шығара алмаймыз. Мұндай жағдай қайта қайталанбас үшін, әрбіріміз бұл қайғылы оқиғадан қортынды шығаруымыз керек. Бұл қайғы жауласушылардың арасына ең мықты қалқан болуы тиіс және мұндай жағдай қайталанбауы керек. Бәріміз бірге, бата алған бұл қаланы келешек ұрпақ үшін сақтауымыз қажет. Тек бейбіт өмір сүріп қана Одессаны сақтап қаламыз", - деді Одесса мэрі Олег Брындак.

Естеріңізге сала кетсек, 2 мамыр күні Одессада федерацияны жақтаушылар мен футбол фанаттары және "Евромайдан" белсенділері арасында қақтығыс болған еді. Соңынан проресейлік ұстанымдағылар бассауғалаған Кәсіподақ үйіне өрт қойылып, 46 адам қайтыс болып, 200-ден астамы түрлі жарақат алған болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети