Ойнап жүрген қар барыстары таудағы камераға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ойнап жүрген қар барыстары таудағы камераға түсіп қалған © facebook/baiboosun.naturereserve

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Тоң ауданындағы Байбосын қорығында орнатылған камераға ойнап жүрген барыстың күшіктері түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Тоң ауданындағы Байбосын қорығында орнатылған камераға ойнап жүрген барыстың күшіктері түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress сайтына сілтеме жасап.

Қорық басшысы Батырбек Акматовтың айтуынша, видео 2 қарашада тауда 3500 метрден аса биікте түсірілген.

Шамамен 5-6 айлық екі күшігі бар аналық қар барысы күні бойы камера орнатылған жерде жүрген. Осы уақыт ішінде барыстар камера алдында ойнаған. Камераға қозғалыс әсер ететіндіктен, оның жады бірнеше сағаттан кейін толып қалған.

© Facebook/baiboosun.naturereserve

"Бейнебақылау камералары үш жыл бұрын орнатылды, сол кезден бастап өз аумағымыздағы барыстардың санын шамамен есептей аламыз. Шамамен алты барыс деп ойлаймыз. Қорықта барыстардан басқа сабаншылар, мартендер, сілеусіндер, тау ешкілері бар", - деді Акматов.

Күшіктер камераға сирек түсіріледі, сондықтан экологтар бұл кадрлар арқылы Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы білуге мүмкіндік туды деп санайды.

Көрші шатқалға орнатылған бейнебақылау камерасы биыл көктемде басқа қар барысын түсіріп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети