Өзбекстанда бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша антирекорд орнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша антирекорд орнады Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Өзбекстанда тәулік ішінде 703 адам коронавирус жұқтырды. Бұл көрсеткіш бойынша жаңа тіркелгендер елдегі антирекорд болып тұр, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда тәулік ішінде 703 адам коронавирус жұқтырды. Бұл көрсеткіш бойынша жаңа тіркелгендер елдегі антирекорд болып тұр, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне.

"30 шілдедегі жағдай бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 22 872-ге жетті", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның деректеріне қарағанда, 703 жаңа жағдай - тәулік ішінде тіркелгендер саны бойынша жаңа рекорд. Бұған дейінгі рекорд 14 шілдеде тіркелген, сол кезде 689 адамнан COVID-19 табылған болатын.

Қазір Өзбекстанда 22 872 адам коронавирус жұқтырған. 12 265 науқас аурудан айыққан, 127 адам қайтыс болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети