"Путин танкпен келеді" деген сөз Лукашенконың күлкісін келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Путин танкпен келеді" деген сөз Лукашенконың күлкісін келтірді Владимир Путин мен Александр Лукашенко. ©РИА Новости

Шетелдік журналистердің Владимир Путин Белоруссияға танкпен келеді деп үрейлендірген сөздері Беларусь президенті Александр Лукашенконың күлкісін келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шетелдік журналистердің Владимир Путин Белоруссияға танкпен келеді деп үрейлендірген сөздері Беларусь президенті Александр Лукашенконың күлкісін келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Шетелдік журналистердің жанымды күйдіріп, "міне диктатура, Украинадан кейін Путин енді сендерге де танкпен келеді" деген сөздері күлкімді келтіреді. Бізге ешкім де, ешқашан да танкпен келмейді" - деді Лукашенко "Беларуськалия" ұжымымен кездесуі барасында.

Лукашенконың сөзіне қарағанда, Белоруссияны экономикадан өзге ештеңе және ешкім төңкере алмайды. "Егер бізде кәсіпорындар жұмыс істеп тұрса, өндірген өнімдерімізді сатып отырсақ, бізге ештеңеден де қауіп жоқ" - деді Лукашенко.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Лукашенко Вован деген есіммен белгілі телефон бұзақысының әзіл әрекетіне тап болған еді. Ол өзін Виктор Януковичтің ұлымын деп таныстырып, өз әкесі үшін Белоруссиядан саяси баспана сұраған, ал Лукашенко келісімін берген болатын.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети