Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада қару қолданбауға келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарада қару қолданбауға келісті ©Ярослав Радловский

Тәжікстан мен Қырғызстанның Сыртқы істер министрлері екіжақты келіссөздердің нәтижесінде екі ел шекарасында ауыр және қарапайым қару қолданбау жөнінде келісімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қырғыз-тәжік шекарасы екі елдің күш құрылымдары арасындағы атыс алаңына айналып жүр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәжікстан мен Қырғызстанның Сыртқы істер министрлері екіжақты келіссөздердің нәтижесінде екі ел шекарасында ауыр және қарапайым қару қолданбау жөнінде келісімге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қырғыз-тәжік шекарасы екі елдің күш құрылымдары арасындағы атыс алаңына айналып жүр.

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевтың айтуынша, қырғыз елі арадағы келісімдерге қайшы әрекет етіп, олардың іске асуына кедергі келтірген Тәжікстан тарапының әрекеттеріне байланысты алаңдаушылық білдірген. "Біз келіссөздер шеңберінен шығып кеттік, бізге мәселелер легін талқылап алу керек еді. Барлық сұраққа бірдей жауап ала алмадық, бірақ жуық арада сауалдарымызға жауап табамыз деп сенеміз", - деп мәлімдеді Абдылдаев.

Келіссөздер барысында шекаралас аудандар, делимитация және демаркация мәселелері талқыланды. Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сиражиддин Аслов: "Қырғызстан мен Тәжікстан аймақтық және екіжақты мәселелер жөнінен ортақ көзқараста. Әрине, шекараға қатысты мәселелер бар, бірақ біз халықтарымыздың даналығына сүйеніп, оларды шешеміз деп үміттенеміз", - деді.

Еске сала кетейік, қырғыз-тәжік шекарасында 10 шілде күні кезекті қақтығыс болды. Бұл жолы екі ел шекарашылары арасында атыс болды. Тәжікстан тарапынан қырғыздың "Тамдық" шекара тұрағына минометтен және гранатометтен оқ жаудырылды. Атыс салдарынан Қырғызстанның бір шекарашысы қаза тапты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети