Ресей сарбаздары Қырымның әскери бөлімшелерін жаулап жатыр

11 Наурыз 2014, 09:52
0
Ресей сарбаздары Қырымның әскери бөлімшелерін жаулап жатыр - Фото korrespondent.net сайтынан
Фото korrespondent.net сайтынан
Ресей сарбаздары Қырымның әскери бөлімшелерін жаулап жатыр. Украинаның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, дүйсенбі күні олар Тарханкутта орналасқан әуе күштерінің радиолокациялық ротасын жаулап алуға әрекетенген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аталған құрылым командирінің орынбасары Виталий Онищенконың сөзіне қарағанда, наурыздың 10-ы күні кешқұрым әскери бөлімшенің тосқаулы жанында мемлекеттік нөмірі жоқ сегіз жүк машинасы тоқтады. Содан 120 ресейлік десант түсіп, әскери қалашықты қоршауға алды. Ал бөлімшенің жеке құрамына қару-жарақты тапсырып, өз еркімен берілуге ұсыныс жасалды. Радиолокациялық ротаның командирі оған мойынсұнған жоқ. Бұдан кейін келіссөздер басталды.

Сондай-ақ дүйсенбі күні түнде шамамен 200 ресейлік сарбаз 14 жүк машинасымен келіп, Черноморск кентінде орналасқан зымыран-техникалық бөлімшені жаулап алды. Бұл туралы Қырымның қорғаныс министрлігі медиа-орталығының басшысы Владислав Селезнев Фейсбуктағы өзінің жеке парақшасына жазды.

Бұдан басқа, Бахчисарайдағы әскери бөлімше ресейлік сарбаздардың иелігіне өтті. Қазір олар Новофедоровка аэродромын жаулап алуға тырысып жатыр. Бұған дейін Саках және Джанкое аэродромдары бағындырылған болатын. Ал Бельбек аэродромының жұмысы тоқтатылды.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай