Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Сарапшылар ЕАЭО жөнінде қажетті идеологияның жоқтығын сөз етті

14 Мамыр 2014, 17:57
0
© Тengrinews иллюстрациясы
© Тengrinews иллюстрациясы

"Еуразиялық интеграция: Кеден одағынан экономикалық одаққа қарай" атты бейнекөпірге қатысушылар ЕАЭО жөнінде қажетті идеологияның жоқтығын сөз етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

Модератор, "Солтүстік-Оңтүстік" саяси орталығының атқарушы директоры Юлия Якушеваның: "Украинадағы жағдай бүгіндері ақпараттық кеңістіктегі жұмыс ең алдыңғы қатарға шығатындығын көрсетіп беріп отыр. Еуразиялық интеграцияның ақпараттық мазмұны қажетті деңгейде деп ойлайсыздар ма?" деген сауалына спикерлер бұл ретте олқылықтар барын жоққа шығармады. 

"Бізде интеграциялық жобаларды кеңінен насихаттайтын ақпараттар жоқ. Бізде интеграциялық жобаларға қарсы шығатын белгілі бір қозғалыстар бар, олар кеңінен насихатталып, өз ұстанымдарын түсіндіріп жатады. Біздің процестерді жүзеге асырудан қолымыз босамайды, сондықтан ақпараттық қамсыздандыру мен идеология жағынан сүрінер тұсымыз бар. (...) Қырғызстанда да қоғамның пікірі осылайша екіге жарылған. Мұндай кез келген мемлекетте кездеседі, біз оған назар аударуымыз керек. Осы арасын айырықша бақылауға алуымыз тиіс" - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов. "Жобаға түсініктеме жұмысы жетіспей тұр" деп бұл ойды толықтырды Ұлттық палата өкілі Владимир Пак.

"Құлақтандыру туралы. Егер әр нәрсені өз атымен атайтын болсақ, еуразиялық интеграцияның артықшылықтары туралы халықтың қанығу деңгейі жақсы емес. ЕЭК өкілдері көбірек халық алдына шығып тұрса дейміз" - деп мәлімдеді ЕурАзЭК іскерлер кеңесінің әкімшілік-қаржы директоры Олег Великоредчанин.

Еске сала кетелік, Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімшартқа қол қою рәсімі Астанада 29 мамырда өтуі тиіс. Еуразиялық экономикалық комиссияның Даму және интеграциялар департаментінің халықаралық өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы Антон Азаровтың айтуынша, қазір келісімшартты даярлау деңгейі жоғары.

"Үш президенттің алдына қойылған амбициялық міндет шешілгелі тұр. Келісімшартқа ешқандай күмәнсіз қол қойылатын болады. Иә, тараптармен талқылануы ықтимал бірқатар мәселелер бар. Бұл өте маңызды тауарлардың - мұнайдың, газдың, мұнай өнімдерінің, дәрі-дәрмектердің еркін қозғалысына байланысты. Тараптар бұл мәселелерді  әрмен қарай талқылау құқығын қалдырады" - дейді Азаров. Сондай-ақ ол Еуразиялық экономикалық одаққа Арменияның қосылуы туралы келісімшарт жобасының 1 маусымға дейін даярлануы керектігін де айтты.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай